Конференция лигасы: «Ордабасы» қарсыласына соңғы минутта есе жіберді

/
Конференция лигасы: «Ордабасы» қарсыласына соңғы минутта есе жіберді

Шымкенттік футбол клубының ойыншылары сырт алаңдағы бірінші кездесуінде «Торпедо» Кутаиси командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ойынның басым бөлігі «Ордабасы» ойыншыларының белсенділігімен өтті. Нәтижесінде бірінші болып есеп те ашты. Бірақ көп өтпей қарсыластар есепті теңестірді. Бұдан кейінде алма-кезек гол соғылды. Негізгі уақыттың аяқталған сәтінде есеп 3:3 болды. Алайда қосымша берілген уақыт барысында, яғни ойынның соңғы минутында «Торпедалықтар» бұрыштаманы сәтті орындап, жеңіске жетті. Есеп – 4:3.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін қос команда арасындағы қарымта кездесу Қазақстанда өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары