Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмонов кезекті көлігін көпшілікке көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол су жаңа көлік иесі атанды.
«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң, ешкім сені ойламайды… Сіздерге де осындай көлік бұйырсын!», - деп жазды Шавкат әлеуметтік желіде.
Спортшыны жүздеген жанкүйері жаңа көлігімен құттықтап, тілектерін жеткізді.
«Құтты болсын, алтын бауырым!», «Енді ұшақ алу бұйырсын», «Енді мұны аңса саламын дейсің ғой...», «Бізге де жұғысты болсын!» деп жазды желі қолданушылары.