Түркістанда полиция қызметкері 7 жасар қызды мерт қылды

Түркістанда полиция қызметкері 7 жасар қызды мерт қылды

Түркістанда полиция қызметкері 7 жасар қызды мерт қылды
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында полиция қызметкері жеті жасар қызды қағып кеткен. Қайғылы оқиға 1 наурызда орын алғанымен, прокурорлар бұл іс туралы жақында ғана мәлімдеді. Бұл туралы  ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлады. 

 Сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүйіткіген полицей тротуарда бағдаршамның жасыл жануын күтіп тұрғанын ағасы мен қарындасын қағып кеткен.

Ауыр жарақат салдарынан жеті жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, оның ағасы ауруханадан жақында ғана жазылып шықты.
Полиция қызметкері Дәменов  жылдамдықты шамадан тыс асыруының себебін жұмысқа асығуымен түсіндірген. Бүгінде полиция қызметкері қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.