Елорда прокуратурасы халықтан қаражатты заңсыз тарту фактісі бойынша тергеуді аяқтап, заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.
Олар 400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген.
Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.
Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.