Қырғызстанда динозаврлардың сүйегі табылды

/
Қырғызстанда динозаврлардың сүйегі табылды
istockphoto.com

Қырғызстанда әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейтін динозаврлардың қалдықтары табылды. Табылған түрлер осы аумаққа ғана тән, яғни эндемик, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылы Германия мен Англиядан келген шетелдік әріптестермен бірлесіп экспедициялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде Таш-Көмүр қаласы маңында Юра дәуіріне (шамамен 165 миллион жыл бұрын) жататын жаңа қазба орындары анықталды. Бұл орындар әлі толық зерттелмеген.

«Анықталған қазба орны қазіргі уақытта консервацияланды, себебі әрі қарайғы қазба жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы жетіспейді. Айта кету керек, өткен жылы да Таш-Көмүр маңынан тероподтар тобына жататын жыртқыш динозаврдың жаңа түрі табылған болатын. Ол кезде қазба жұмыстарына Мюнхендегі Палеонтология музейінің неміс ғалымдары қатысқан еді», — деп мәлімдеді Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.М.Адышев атындағы Геология институтының директорының міндетін атқарушы Айзек Бакиров.

Динозаврлардың қалдықтары алғаш өткен ғасырдың басында табылған, содан бері зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Жаңа қазба орындары анықталып, динозаврлардың бұрын беймәлім болған түрлері зерттелуде.

Айзек Бакиров қазіргі таңда Қырғызстан аумағында динозаврлардың 30-дан астам қазба орны белгілі екенін атап өтті және бұл бағытта жергілікті ғалымдар ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары