Астаналық жігіт Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған

/
Астаналық жігіт Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған
скриншот

10 шілде күні таңертең Астанада жас жігіт Министрліктер үйіне тұтандырғыш қоспа лақтырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Желіде оның әрекетінен болған өрттің салдары түсірілген видео жарияланды.

Астана полиция департаменті Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт қойған 24 жастағы жігіттің анықталып, ұсталғанын хабарлады.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп қосты полицейлер.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары