Самбодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

/
Самбодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай халыққа 80-90-жылдары даңқы дүркіреп тұрған Айсара Керімбекованың бүгінгі ахуалын көрсетті, деп жазды turkystan.kz.

Видеода самбодан әлем чемпионатының екі дүркін (1988, 1992) күміс жүлдегері, КСРО кубогінің (1989) күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991), Азия чемпионы (1992), Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Айсара Керімбекованың 20 жылдан астам уақыт аула сыпырып жүргені айтылған.

«Бұл — масқара! Бұл — ұлттық намысқа сын! Министрлер мінберден түспей жатыр, ардагер спортшы ауладан шықпай жүр. Қайдасың, Спорт және туризм министрі? Тірі аңызға тірісінде құрмет көрсету — парыз емес пе? Батырды бағаламаған елден қандай ұрпақ шығады? Ұят емес пе, ағайын?.. (Айсара Керімбекова – кезінде дүние жүзіне танымал болған, қазір тасада қалып қойған спортшы. Дзюдо мен самбодан әлемдік деңгейге көтерілген тұңғыш қазақ қызы)», - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары