Көкшетауда қызын аяқ киімі кір болғаны үшін ұрған шеше ата-аналық құқығынан айырылды

/
Көкшетауда қызын аяқ киімі кір болғаны үшін ұрған шеше ата-аналық құқығынан айырылды
istockphoto.com

Көкшетау қалалық соты қала тұрғынын өз баласына қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында әйелдің 9 жасар қызын жүйелі түрде ұрып-соққаны және оны тәрбиелеуден іс жүзінде бас тартқаны анықталды.

Анасы мас болып, қызын мектептен кір аяқ киіммен келгені үшін ұрып-соққан. Медициналық тексеру барысында баланың дене жарақаттары тіркелді.

Қамқоршылық органдары әйелдің ата-аналық міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындамағанын анықтады, нәтижесінде сот оны ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының прокуратурасы отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекеттің ерекше қорғауында екенін және отбасылық-тұрмыстық саладағы кез келген зорлық-зомбылық әрекеттері әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары