Жезқазған қаласында үйлердің бірінің ауласында кәмелетке толмаған үш бала балалар алаңындағы сырғанақты өртеп жіберді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 7 шілде күні таңғы сағат 4 шамасында болған, деп жазады turkystan.kz.
Оқиға орнында қазір тек күйіп кеткен тіреуіштер мен баспалдақ қана қалды – құрылым толығымен жанып кеткен.
Ұлытау облысының полиция департаменті тергеу шаралары нәтижесінде оқиғаға қатысы бар балалардың анықталғанын хабарлады.
«Ата-аналарына балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді полиция.