Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды

/
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Айым Қанaғатова Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 атты беделді халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Сүйінші жаңалықты Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі бөліскен. 

Жас спортшылар арасындағы жарыстар Нидерландтың Амстердам қаласында өтті.

Оған Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия және басқа да елдерден барған 19 елдің 64 теннисшісі қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары