Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылған

/
Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылған

Блогер Құрманғазы Ниязд әлеуметтік желіде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылғаны туралы видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Кадрда музей залында алкогольді сусындар қойылған үстелдерді байқауға болады. Сондай-ақ ол жерде балалар мен ересектер бірге болған.

Блогер бұл жағдайды мәдени мекемеге жатпайтын әрекет деп сынап, министрлік пен құқық қорғау органдарынан түсініктеме талап еткен.

Әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімет шыққан жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары