Қазақстандық блогер IPhone алып бермеген күйеуін жыланмен қорқытқан

/
Қазақстандық блогер IPhone алып бермеген күйеуін жыланмен қорқытқан

Айжамал Мұнайбай есімді блогер күйеуінің зәресін ұшырды, деп жазды turkystan.kz. 

Блогердің айтуынша, жұбайы бір жыл бойы уәде еткен смартфонын алып бермеген. Сол уәдесін есіне салу үшін ол ерекше қадамға барған. Ол күйеуін сыйлық беремін деп көзін жұмып, отырғызған. Ал өзі ту сыртынан кішкентай жыланның баласын мойынына орай бастаған. Мұндайды күтпеген ер жігіт телефонды қазір-ақ алып беретінін айтып, азар да-безер болған. 

«Күйеулеріңіз уәдесін орындамаса, осылай жасаңыздар», – деп жазды блогер әлеуметтік желіде.

Оның бұл әрекетін көпшілік әртүрлі бағалаған.

«Не жетпейді саған, Айжамал? Қолыңда бәрі бар ғой», «Мына жыланыңды маған бере тұршы. Күйеуім көлік алып беремін деп еді», «Қорқынышты екен. Денем тітіркеніп кетті», «Қорқытып алған айфоның құтты болсын! Мол табыс әкелсін» деп жазды желі қолданушылары. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары