7 шілде күні Ресейдің көлік министрі қызметінен босатылған Роман Старовойт бірнеше сағаттан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның денесі Мәскеу маңындағы Одинцово елдімекеніндегі үйінің жанында табылды. Қасында өзінің сыйлыққа алған Макаров тапаншасы жатқан.
Тергеу комитеті оның өліміне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Басты нұсқа – өз-өзіне қол жұмсау. Р. Старовойттың Курск облысындағы резиденциясын соққан компания аймақтағы фортификациялық құрылысқа да жауапты болған және қазір ол іспен тергеу жүріп жатыр. Компания директоры экс-губернаторға қарсы куәлік беруі мүмкін деген болжам бар.
Р. Старовойт Ресей тарихындағы өз-өзіне қол жұмсаған алғашқы жоғары лауазымды шенеунік болды. Сондай-ақ сол күні «Росавтодордың» бөлім басшысының орынбасары Андрей Корнейчук те жұмыс орнында кенеттен көз жұмған.