Үй жануарларының пайдасы: мысық пен ит асырағандардың есте сақтау қабілеті жақсырақ болады

/
Үй жануарларының пайдасы: мысық пен ит асырағандардың есте сақтау қабілеті жақсырақ болады
сурет: istockphoto.com

Үй жануарларын асырау адамның танымдық қабілетіне оң әсер етеді. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланған мақалада айтылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жануар асырау – егде жастағы когнитивті функциялар мен ойлау қабілетінің төмендеуіне қарсы ықпал етеді. Бірақ әртүрлі жануарлардың әсері қандай болатыны әлі толық зерттелмеген», – дейді Женева университетінің ғалымдары.

Зерттеушілер Еуропадағы денсаулық пен зейнет жасына қатысты деректерді қамтитын 18 жылдық зерттеу нәтижелеріне сүйенген. 50 жастан асқан адамдардың қатысуымен өткен сауалнамада ол үй жануарлары мен есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеті арасындағы байланысты зерттеген.

Жаңа зерттеу үй жануарларының адамның танымдық қабілеттеріне әсерін көрсетті. Ит пен мысық асырайтын адамдар жадын жақсы сақтайды, анық сөйлейді және ойын нақты жеткізеді.

Ит иелері көп қозғалып, адамдармен жиі араласады, бұл ми белсенділігін арттырады. Ал мысық – қырсық мінезді, күтімі күрделі. Олар иесін эмоциялық тұрғыдан шынықтырып, сөйлеу мен ойлау қабілетін дамытады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары