Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс медаль алды.
Финалда Елдана үндістандық Нупурмен кездесті. Бірінші кезең төрешілер қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Екінші кезеңде қарсыластың белсенділігі байқалды.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.