Әлем кубогі: Алуа Балқыбекова күміс жүлдегер атанды

/
Әлем кубогі: Алуа Балқыбекова күміс жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Алуа Балқыбекова (51 келі) күміс медаль алды.

Ол ақтық сайыста финляндиялық Пихла Кайво-Оямен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында боксшылар бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты.

Нәтижесінде Алуа қарсыласына есе жіберіп, әлем кубогында күміс жүлдегер атанды.

Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Ол 2025 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алды. 2021, 2022 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары