Елімізге танымал әнші Ерке Есмахан қазіргі жағдайын айтып, енді сәбилі болғысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Босанғаныма 20 күннен асты. Енді кішкене шыдасам болғаны. Бұйыртса, бірден қыдыруға шығамын деген жоспар бар. Бірақ үйде де бос жатқам жоқ. Күнде массаж, ағылшын сабағы және сериал. Үйдің үлкендері жан-жақта жүр. Ал кішкентай бала бағулы, қағулы қасымда", - деп жазды әнші.
Үш ұлдың анасы атанған Еркеге оқырмандары "өзіңе ұқсаған бір қыз туып ал" деп кеңес берген.
"Менің енді қыз тумайтынымды қабылдап алаңсыз өмір сүріңіздерші. Үш ұлымызға Аллаға сансыз шүкір", - деді ол.