Елімізге танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мемлекетке еңбек сіңірген қайраткер екенін айтып,сынға ұшырады, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Ол өз пікірін еркін жеткізуге құқығы барын атап өтті.
"Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын. Әр адамның өз пікірі болуы керек. Мен мемлекеттік еңбек сіңірген қайраткермін. Менің осы мемлекетке сіңірген еңбегім жеткілікті. Менің еңбек сіңірген қайраткер деген атағымды біздің президентіміздің өзі қол қойып тұрып, мен алғанмын. Ол атақ "халық әртісі" деген атаққа сәйкес", - дейді әнші.
Әншінің бұл сөзі кей оқырмандарына ұнамай, сынның астында қалды.
"Мен, мен деп не болды сонша?", "бұның мемлекетке сіңірген қандай еңбегі бар еді?", "еңбек сіңірген қайраткер болсаңыз, әркімге ұрына беру керек пе?", "осы үлкейген сайын алжып бара ма?", "Қазақстанға ешқандай сіңірген еңбегің жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.