Әлем кубогі: Назым Қызайбай финалға шықты

/
Әлем кубогі: Назым Қызайбай финалға шықты
Фото: ҰОК

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 5 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі) финалға шықты.

Ширек финалда ол жапониялық Хикару Синохарамен шеберлік байқасты. Бірінші раунд Назымның жеңісімен аяқталды. Екінші кезеңде де қазақстандық боксшының басымдығы байқалып тұрды. Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан тағы он екі боксшы жартылай финалда бақ сынайды.

Айта кетсек, қазірге дейін Нұрбек Оралбай (80 келі) ешқандай жекпе-жексіз финалға өтті.

Жартылай финалға Қазақстан атынан 14 боксшы шықса, Үндістан - 10, Бразилия мен Түркия - 6, Өзбекстан - 4, Аустралия, Әзербайжан, Франция, Англия, Жапония, АҚШ 3 былғары қолғап шеберіне үміт артады. Ал Германия, Моңғолия, Болгария - 2, Финляндия, Тайпей, Норвегия, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Нигерия, Филиппин мен Польша 1 спортшысын қосып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары