8 млнға жуық оқырманы бар блогер Нұртаза Нұрбек жұбайымен бірге үй тазалаушы әйелге пранк жасады, деп жазды turkystan.kz.
Сценарий бойынша Нұртаза жатын бөлмеге 1 млн теңге ақшаны көрінетіндей етіп қалдырған. Кейін келіншегі екеуі тазалықшыны шақырып, ақшаның орнында болмай шыққанын айтқан.
«Иә, ақша тұрғанын көрдім. Бірақ мен оны алған жоқпын. Осы жерді тазалап болған соң, келесі бөлмеге өттім», - деді бейкүнә әйел блогердің «айыптауына» қамыққан күйде.
Осы сәтте блогер мұның жай ғана қалжың екенін айтып, әйелді қуантты.
Мұндайды күтпеген тазалықшы еріксіз жылап жіберді. Ал оның еңбегі мен адалдығына риза болған блогер 1 млн теңгені жұмысшыға сыйлаған.