Заң бойынша бейрезиденттерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған. Жетісуда банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Есепшот кейіннен интернет-алаяқтардың азаматтардан ұрлаған ақшасын аудару үшін пайдаланылған.
Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды.
1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі.
Банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.