Жазда қауіпсіз балмұздақты қалай таңдауға болады?

/
Жазда қауіпсіз балмұздақты қалай таңдауға болады?
istockphoto.com

Балмұздақ – жаз мезгіліндегі сүйікті десерт. Әсіресе аптап ыстықта нағыз құтқарушы. Алайда, балмұздақты дұрыс таңдап, сақтап және тұтыну қажет екенін ұмытпаған жөн, деп жазады turkystan.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қауіпсіз балмұздақты қалай таңдау керектігі жөнінде пайдалы жадынама жариялады.

Азық-түліктен уланбас үшін және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мыналарға назар аудару керек:

  • балмұздақты тек ресми сату орындарынан сатып алу – базарда қолдан алу қауіпті;
  • жарамдылық мерзімі мен қаптамасын тексеру – қаптамасы бүтін, зақымданбаған болуы тиіс;
  • балмұздақтың сыртқы көрінісіне мән беру: мұз басқан, деформацияға ұшыраған немесе жабысқақ балмұздақ қайта мұздатылған болуы мүмкін;
  • балмұздақты ыстықта қалдырмау;
  • таңбалаусыз үйде дайындалған балмұздақтан гөрі зауытта өндірілген өнімге басымдық беру.

Айта кетейік, қазақстандық балмұздақ шетелде де танымал тәттіге айналды. Салқын десерттің экспорты 40 пайыздан астам өсті. Біздің өнімге ТМД елдері мен Қытайда ерекше сұраныс бар.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы бес айында бұл елдерге шамамен 4,5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Жыл басынан бері ел ішінде 24 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Біздің өнім ішкі сұранысты дерлік толық қамтамасыз етіп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары