Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
251
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сириядағы шиеленістің өршуіне орай аса алаңдуашылығын білдіреді. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруының кез-келген қолдануын аморальды, адамгершілікке жат және адамшылық қағидаттарына қайшы әрекет ретінде үзілді-кесілді айыптайды. Бұл факті бойынша кінәлілерді жауапқа тарту үшін БҰҰ аясында халықаралық жан-жақты объективті және әділ тергеу жүргізуді қағидатты түрде маңызды деп санаймыз. Қақтығыстың одан әрі өршуі және тараптар ұстанымдарының қатаңдануы халықаралық қоғамдастықтың террористік қауіпке қарсы күрес бойынша бұрын қол жеткізген барлық, оның ішінде Женева және Астана процестері шеңберіндегі уағдаластықтарға қауіп төндіреді және Сирия жерінде барлығын қамтитын бейбітшілік пен келісімге жету перспективасын алыстатады. Сирия Араб Республикасының Үкіметі мен қарулы оппозициялық топтар арасында 2016 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енген соғыс әрекеттерін доғару режимін сақтаудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтеміз. Астана процесінің кепілдік беруші елдерін шиеленістің одан әрі өршуінің алдын алу үшін өздерінің бар күш-жігерлерін жұмсауға шақырамыз. Қазақстан сирияаралық қақтығысты тек бейбіт жолмен, диалог және татуласу арқылы шешу мүмкін деген ұстанымына берік және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Астана процесі шеңберінде Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасында татуласуды сақтау бойынша тікелей келіссөздерді жалғастыруға шақырады», -делінген онда.

Серіктес жаңалықтары