Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әнші Меруерт Түсіпбаеваның айтқан сынына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермеуі және дәстүр мен мәдениетті терең білмеуі – мұндай тарихи әрі рухани маңызды туындыларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ұлттық классикаларды түсіру жұмысына мәдениетті, дәстүрді, тілді шын мәнінде түсінетін, кәсіби білікті мамандар тартылуы керек», – деп жазды өнер иесі.
Ал продюсер айтылған сынға қысқа жауап қайтарды.
«Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады», - деп жазды Б. Алагөзова.