Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында канадалық Джошуа Офоримен өзара мықтыны анықтады.
Бірінші раундта Канада өкілі басымдық танытты. Алайда, жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде Сабыржан Аққалықов керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.
Осылайша, отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.