2024 жылғы 29 маусымда Түркістан облысында, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында, өзенге батып кеткен 26 жастағы жүкті келіншек көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол отбасымен бірге демалу үшін Қасқасу ауылына келген, алайда белгісіз жағдайда суға құлап кеткен.
Іздеу жұмыстары бір тәулікке созылды. Марқұмның денесін 30 маусым кешке орман шаруашылығы қызметкерлері туыстарымен бірге тапты.
Іздеу жұмыстарына ТЖД құтқарушылары мен эхолотпен жабдықталған техника жұмылдырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.