Мысыр шіркеуінде екі жарылыс болды

Мысыр шіркеуінде екі жарылыс болды

Мысыр шіркеуінде екі жарылыс болды
ашық дереккөзі
Мысырдың Танта қаласындағы шіркеуде жарылыс болды, деп жазады ҚазАқпарат. Бірінші жарылыс Гарбия провинциясының Танта қаласында орналасқан "Мар Гиргис" шіркеуінде болды. Алты адамның қаза болғаны туралы хабар түскен. Кейінірек шіркеуде болған жарылыстан 15 адам қаза тауып, 50-ден аса адамның жарақат алғаны белгілі болды. Бұл туралы "Дот Маср" порталы хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс шіркеудің ішінде болған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған БАҚ жарылыс бірінші қабаттағы ғибатханада болған. Полиция жарылыс болған ауданды қоршауға алды. Шіркеудегі жарылыстан кейін, екінші жарылыс қалалық полицейлер жаттығу орталығында болды, - деп хабарлайды "Ахбар Аджиля" порталы. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, ең кемі 15 адам қайтыс болып, 42 адам жараланған. Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін, себебі шіркеуде халық қарасы көп болған. Сол мезетте NRT порталы 21 адамның құрбан болғанын хабарлады. Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдайдан кейін Танта шіркеуінде екінші жарылыс болған.