Сомалидің астанасы Могадишодағы Аден-Адде халықаралық әуежайында әскери тікұшақ қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта сегіз адам болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Алғашқы мәлімет бойынша, үш адам қаза тапқан. Тікұшақ Африка одағының Сомалидегі тұрақтандыру миссиясына (AUSSOM) тиесілі болған.
Somali Guardian порталының мәліметінше, апатқа ұшыраған Ми-24 тікұшағы АҚШ бақылауындағы Балидогл әскери базасынан ұшып шыққан. Бұл база дрондар арқылы операцияларды басқаратын аймақ ретінде белгілі. Тікұшақ бұрын Уганда ӘӘК құрамында болған.
SONNA агенттігі өрттің сөндірілгенін, әуежайдың қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын, билік орындарының оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.