«Құны 2,6 млрд теңге»: «Баспалар үйі» АҚ-ның 100% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды

/
«Құны 2,6 млрд теңге»: «Баспалар үйі» АҚ-ның 100% акциясы мемлекет меншігіне қайтарылды
istockphoto.com

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2016 жылы бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі болған, құны 2,6 млрд теңге тұратын акцияларды жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді.

Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары