Талдықорғанда 5 000 адам рекорд орнатты

/
Талдықорғанда 5 000 адам рекорд орнатты
скриншот

Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған кең ауқымды челлендж өтті. Рухани шараға 5000-ға жуық адам қатысып, Қазақстан гиннесс рекордын орнатты.

Домбыра үнін ұлықтаған бұл бастаманы Жетісу облысы Қарағанды облысынан қабылдап, эстафетаны Атырау облысына жолдады. Челлендж аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық өнер жаңғырып, бірлік пен рухтың символына айналды.

Мерекелік шараға Жетісу өңірінің әр аудан-қаласынан кәсіби домбырашылар, жас өнерпаздар мен мектеп оқушылары және қала тұрғындары қатысты.

Шараның ең әсерлі сәті 5 мың адамның бір мезетте «Балбырауын» және «Ерке сылқым» күйлерін орындауы болды. Күй күмбірі орталық алаңды кернеп, ерекше рухани әсер сыйлады.

Бұл тек музыкалық қойылым емес, ұлттық болмысқа деген шынайы құрмет пен ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары