200 мың адам диктант жазды

200 мың адам диктант жазды

200 мың адам диктант жазды
ашық дереккөзі
335
Кеше бүкіл әлем партаға отырып, жаппай диктант жазды. Дүние жүзінің 71 елін қамтыған бұл шараның мақсаты не? Міндет  – адамның сауаттылығын тексеру, өзіне –өзі қайта көзбен қару. Мақсат –осы  ғана. Бұл өзінің тіліне деген құрмет. Оған кез келген адам, өз еркімен қатысады және ақылы емес, тегін. Әзірге бізге белгілі болғаны жаппай диктант жазу шарасы әлемнің 281 қаласында өтті. Бұл шараға әсіресе белсене қатысқандар АҚШ (19 қалада), екінші орында  Испания (11), үшінші орынды Қытай  (10) алып тұр. Сонымен қатар, жаппай диктант жазу шарасына Андорра елі де қатысты. Сидней (Австралия), Майами (АҚШ),Страсбург (Франция), Одесса (Украина) қалаларының да тұрғындары биыл тұңғыш рет бақтарын сынап, өздерінің қаншалықты сауатты екендігін анықтады. Қазір жаппай диктант жазу шарасы бүкіләлемдік акцияға айнала бастады. Тіпті оны әуеде ұшып бара жатып та жаза беруге болады. Онлайн жүйесінде жүзеге асатын шараға адамдардың жыл өткен сайын қызығушылығы да артып келеді. Бір ғана мысал, Ресей авиакомпаниясы биыл әуедегі 10 рейсте осындай шараның жүзеге асуына мұрындық болды. Тіпті  елдің 7 жолаушылар пойызында да жаппай диктант жау шарасы іске асты. Бұл ғана емес, Ресейдің антарктидалық экспедиция мүшелері де «Мирный», «Новолазаревская» және  «Прогресс» стансаларында диктант жазып, өздерінің қаншалықты сауаттылығын анықтап көрді. Бірінші рет емес, мұз құрсанған аймақта бұл акция бесінші рет өткізіліп отыр. Сүлеймен Демирель және Қазақстан- Британ және Тұран университеттерінде өткен шарада актер Евгений Жұманов, әл-Фараби атындағы журналистика факультетінің аға оқытушысы Лариса Нода, радиожүргізуші Назым Ғаділбек, Алматы қаласындағы №45 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елена Политикова, «Тұран университетінің кафедра меңгерушісі Анна Бузело, радиожүргізуші Диана Снегина және профессор Зейне Оразбековалар өз еркімен келген азаматтарға диктант жаздырып, сауаттылығын тексерді. Бір өкініштісі, бұл акция Қазақстанда орыс тілінде ғана өткізіліп келе жатқаны ойлантады. Еліміздегі қазақтардың саны 70 пайыздан асып, мемлекеттік тілде оқитын жастардың пайызы одан да жоғары болып отырған  кезде диктант алуды неге мемлекетқұраушы ұлттың тілінде өткізбеске…

Серіктес жаңалықтары