Иранда жер сілкінісі болды

/
Иранда жер сілкінісі болды

Иранда болған жер сілкінісінің дүмпулері Нахчыван Автономиялық Республикасында да сезілген, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмология қызметі орталығы ақпарат таратты.

Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері Ислам Республикасының аумағында, Гейдарабад сейсмостанциясынан 38 шақырым солтүстік-батыста тіркелген.

Жер сілкінісі Гейдарабадтағы көпқабатты үйлерде 3 баллға дейінгі күшпен сезілген.

Табиғи апаттың ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары