Мұрат Нұртілеу Ресей сыртқы істер министрімен кездесті

/
Мұрат Нұртілеу Ресей сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: Ресей СІМ

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Шолпан Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-көліктік және энергетикалық бағыттағы қазақ-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Сұхбаттастар сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары