Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов Түркияда алтын алды

/
Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов Түркияда алтын алды
Фото: United World Wrestling

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде қазақстандық 3 спортшы жүлде алды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт комитеті.

Тұғыр сатысына көтерілгендер:

1.Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) 1-орын

2.Азамат Дәулетбеков (-86 кг) 2-орын

3.Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын

Нұрқожа финалда Рамазан Рамазановтан (Болгария), Ризабек Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті. Ал Азамат Дәулетбеков ақтық сында Әли Цокаевқа (Әзірбайжан) есе жіберді.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары