Қазақстандық теннисші Ұлыбританияда өткен турнирде жеңіске жетті

/
Қазақстандық теннисші Ұлыбританияда өткен турнирде жеңіске жетті
ҚТФ

Анна Данилина Ұлыбританияда өтіп жатқан теннистен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Ол чехиялық Мария Боузковамен дуэтте Истборн қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы болды.

Финалда Данилина мен Боузкова Си Шувейді (Тайвань) және Майя Джойнтті (Австралия) 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

"Аннаның қоржынында 13 титул бар: бір WTA 1000 титулдары, екі WTA 500 титулдары, жеті WTA 250 титулдары және үш WTA 125 титулдары. 2023 жылы Данилина аралас жұпта фин Харри Хелиеваарамен бірге АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткен", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары