Биыл ОҚО-да 25 көпір жаңартылады

Биыл ОҚО-да 25 көпір жаңартылады

Биыл ОҚО-да 25 көпір жаңартылады
ашық дереккөзі
​Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 16 көпір жөнделуде. Қосымша 9 көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, 2017 жыл ішінде 25 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылады деп хабарлайды egemen.kz.  Күрделі жөндеу көретін көпірлердің дені Бәйдібек (1), Мақтаарал (3), Отырар (1), Сарыағаш (1), Түлкібас (2) аудандары мен Түркістан (1) қаласына тиесілі.  Оған қоса, 22 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар әзірленіп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта жөндеуді қажет ететін көпірлер саны едәуір азаятын болады. Мұндай ұсыныстар, таяуда, облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан айтылып, халық қалаулыларымен қолдау тапты. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасына кіре берісте 1,2 шқ., Түлкібас ауданындағы «Әсел» демалыс орнына кіре берістегі 5,7 шқ. және Арыс қаласына кіре берістегі 8 шқ. жол орташа жөндеуден өткізілетін болады. Мақтааралда да атқарылатын шаруа бар. Ондағы Жаңа дала, Иіржар және Өркениет елді мекендерінің үш көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталса, Шымкент қаласының Темірлан тас жолында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.