Келініміз әжесіне де, анасына да емес, Динараға ұқсайды — Сәкен Майғазиев

/
Келініміз әжесіне де, анасына да емес, Динараға ұқсайды — Сәкен Майғазиев

Белгілі әнші ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойында сөйлеген сөзін дүйім жұртқа жария етті, деп жазды turkystan.kz.

Ол Әдияның өз әулетіне арналып туылғандай жан екенін айтқан.

«Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да ұқсамайды. Менің бір таң қалатыным — ол Динараға ұқсаған. Келініміз біздің әлетке арналып туылғандай», - деді әнші.

Сонымен қатар ол тойға дейінгі бір аптада әлеуметтік желідеге парақшасының жалпы қаралымы 70 миллионға жеткенін атап өткен. Бұдан бөлек анасының аманаты мен құдаларының қарапайымдылығы мен кісілігіне ризашылық білдірген.

«Жүзі жылыдан түңілме» деген. Құдаларымызды көріп, өзіміздің әулетке ұқсастығын байқадым. Тәрбиеміз де, тәртібіміз де, ата-әжеден алған тәліміміз де бірдей екен. Құдалық кезінде де айттық: өте ризамыз! Алла Тағала осындай тәрбиелі, инабатты, көркем мінезді көрікті келінімізді біздің қолымызға қондырғандарыңызға алғысым шексіз», - деді Сәкен Майғазиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары