Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандар командасы дене салмағы 1500 г шала туған нәрестеге уақытша электрокардиостимулятордың эпикардиалдық электродтарын тігу бойынша кардиохирургиялық операцияны сәтті жүргізді.
Жүктілік кезінде 30 аптада ұрыққа кардиомегалия, брадикардия диагнозы қойылды, жүректің соғуы минутына 49 рет. Бала салмағы 1550 грамм болатын 30 апталық болып мерзімінен бұрын дүниеге келді. Туу кезінде тыныс алу бұзылыстарының синдромына байланысты, морфо-функционалдық жетілмеуі аясында жағдайы өте ауыр болды.
Жүректің жиырылу жиілігі минутына 40 рет болуы оның ағзасының оттегіге және қоректік субстраттарды жеткізуге деген қажеттілігін өтемегендіктен және ол салмақ қоспағандықтан өмірінің 22-ші күні балаға уақытша кардиостимуляторды орнату операциясын жасау туралы шешім қабылданды.
Операциядан кейін пациенттің жағдайы жақсарады, ол салмақ қоса бастады, белсенділігі жақсарды, жасына байланысты жүрек соғу жиілігі минутына 130-140 болды.
Дене салмағы 2000 г және одан жоғары болған кезде нәрестеге тұрақты электрокардиостимулятор орнатылады. Бүгінгі таңда пациент кардиохирургтардың бақылауымен неонатология бөлімішесінде емін жалғастыруда.
Тәжірибелі кардиохирургтар командасының үйлесімді жұмысының арқасында шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Операцияны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Алмас Бердібеков ПБХҒО неонаталдық реанимациясының тәжірибелі дәрігерлерімен бірлесіп жүргізді.