Студент тапанша мен пышақ алып, проректорды қорқытқан

/
Студент тапанша мен пышақ алып, проректорды қорқытқан
istockphoto.com

Мәскеуде Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының 20 жастағы студенті ұсталды. Ол проректорды пневматикалық тапаншамен, пышақпен және бұрышты баллоншамен қорқытқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төртінші курс студенті емтихан тапсыруға келіп, проректордың кабинетіне кіріп, баллоншаны шашып, қорқыта бастаған. ЖОО күзетшілері дабыл түймесін басып, Росгвардия қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген күш құрылымдары студентті ұстады.

Алдын ала ақпарат бойынша, студенттің бұл әрекетке баруына академия әкімшілігінің өкіліне деген жеке араздығы себеп болған. Қазіргі уақытта ол одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары