Ленинград облысында ер адам көршісімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің кіреберісінде граната жарды, деп жазады turkystan.kz.
Жарылыс бесінші қабат тұрғынының есігінің жанында болған. Ол полиция шақырып, күдікті ретінде жергілікті өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істейтін 39 жастағы көршісін көрсеткен.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында оның көршісімен жанжал кезінде оқ-дәрі жарғаны анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.
Мәлімет бойынша, күдікті бұрын екі рет сотталған. 2016 жылы ол көлік айдап әкеткені үшін, ал 2020 жылы есірткі мен қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.