Айгүл Иманбаеваның шаңырағында дүбірлі той болды (ВИДЕО)

/
Айгүл Иманбаеваның шаңырағында дүбірлі той болды (ВИДЕО)
коллаж :turkystan.kz

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші тұңғыш ұлы Асылжанның қызы Айсұлудың 1 жасқа толуына орай той жасады. Тойда әншінің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов та бой көрсетті.

«Бүгін менің немерем Айсұлуымның тұсауы кесілді. Бұл жауапты сәтті кімге ұсынсақ деп мың ойланып, мың толғандық. Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау алты баланың анасы, журналист, менің соңымнан ерген туған сіңлімдей жақын тартатын құрбым, жекжатым, Ерекемнің жан жары Жадырама түсті. Асылжаным мен Жансаям да «Жадыра апайдың жолын берсін» деп, пікірімді қолдай кетті, - деді әнші.

Айгүл Иманбаеваның немересінің тұсауын журналист Жадыра Жұмакүлбай кесті.

«Жадыраның 2003-05 жылдар аралығында «Қазақ радиосы» эфирінде «Аты жоқ көкек» атты авторлық хабары болды. Соған «Ұят болмасын» арқылы көрерменнің көзайымы боп жүрген кезімде шақырып, сұхбат берген едім. Осы уақытқа дейін қаншама журналист менен сұхбат алды ғой. Солардың ішіндегі өрімдей жап-жас Жадырамның сұхбаты менің әлі күнге дейін есімде. Ең бір салмақты, жан дүниеммен ашылған әңгімеміз еді. Кәсіби журналист ретінде біліктілігіне тәнтімін. Алла Тағала Жадырамның жолын ботақаным, немерем Айсұлуыма бұйырсын деген тілегім бар», - деді Айгүл Иманбаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары