ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың тұңғыш қызы Зарина Омарова жайлы естеліктерін бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Зарина Омардың Хабар арнасындағы «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында айтылды.
Сұхбат барысында Марат Омаровтың қызы Зарина Омарованың оқуда жүрген кездегі әншілік қырына тоқталған видеосы көрсетілді. Қазіргі таңда әнші отбасымен Америкада тұрып жатыр.
«Шынымды мен үшін өте жоғары баға. Мен кішкене әкемді сағынып жүрмін. Шынымды айтайын. Әрине күнделікті сөйлесеміз. Кеткеніне 2 жыл болды. Маған мотивация береді. «Қызым, сен сол жақты қатыр, мен мына жақты қатырам» деп. Арасында айтып қоямын, келіңіздер деп. Әрине ол жақта өздерінің жұмыстары бар. Біздің папа әрдайым ізденісте жүреді. Сол жақта киноға түсіп жатыр. Қызы болғандықтан, әрине мен сағынамын. Қасында баяғыдай ән айтқым келеді», - дейді Зарина Омар сұхбатында.