Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы – «Asman Airlines» кіреді. Компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды.
Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.
Әуеқатынастың ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.