Жапония 273 аралды меншіктеп алды

Жапония 273 аралды меншіктеп алды

Жапония 273 аралды меншіктеп алды
ашық дереккөзі
Ел қоныстанбаған аралдарға өзге елдер көз салмас үшін Жапония оларды мемлекеттің меншігі деп таныды. Министрлер кабинеті аймақтық сулар мен эксклюзивті экономикалық аумақтың шекарасын бекітті. Жапония - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю.  Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. Токио аралдарда қожайынның болмауы қауіп тудырады деп санайды. Ең алдымен елсіз жатқан бұл жерлерге Қытай таласпақ екен. Мысал үшін Қытай Сенкаку аралдарына таласып келеді. Бұған дейін жапондық бұқаралық ақпарат құралдарында иесіз аралдарды шетелдік инвесторларға сатып алуға мүмкіндік беретін заң бар екені туралы ақпарат жарияланған болатын. Дереккөз: АиФ