Қырғызстанда жер сілкінді

/
Қырғызстанда жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 4,2 баллды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісі 26 маусым күні Астана уақыты бойынша 06:48-де Қырғызстан аумағында тіркелді.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың Тумшук қаласынан батыс-солтүстік-батысқа қарай 215 шақырым және Қырғызстанның Нарын қаласынан шығысқа қарай 104 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Джаны-Джер жотасында, Нарын қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан", – делінген Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының хабарламасында.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары