Мәскеу әуежайында орын алған жан түршігерлік жағдай жұртшылықты дүр сілкіндірді, деп жазды turkystan.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар көп жиналатын орында белгісіз ер адам кішкентай баланы кенеттен жерден көтеріп алып, қатты күшпен еденге соққан. Бұл жантүршігерлік көрініс бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Оқиға салдарынан екі жастағы бала ауыр жарақат алып, комаға түскен. Дәрігерлер оның басынан қатты соққы алғанын, ми шайқалуы мен басқа да ауыр диагноздар қойылғанын растады.
Күдікті ретінде 31 жастағы Беларусь азаматы ұсталып, ол тергеу изоляторына жеткізілді. Қазіргі сәтте құқық қорғау органдары шабуылдың себептерін анықтап жатыр. Оқиға бойынша тиісті тергеу амалдары басталды.