Бүгін таңертең Тегеран қаласындағы Жаннатабад ауданында тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға салдарынан тұрғындар арасында қаза тапқандар бар.
«Еркін Иран» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ирандық журналист Амирхосейн Мирисмаили X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл тұрғын үй ауданында шабуыл болғанын жазды. Оның айтуынша, оқиға орнына ETTELAAT барлау қызметінің өкілдері келіп, көшені жауып тастаған.
Алайда Иран полициясы бұл мәліметті жоққа шығарып, жарылыстың себебі газ құбырының бұзылуынан болғанын, бір ғана адамның жараланғанын мәлімдеді.