Күні кеше дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева бастығының өзін «иіскемек» болғанын айтып, айыптап, кейін екеуі татуласқан болатын, деп жазады turkystan.kz.
Осы орайда белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы да өз ойын білдірді.
«Бірі "иіскеді" деді...
Бірі "иіскемедім" деді...
Екеуі бірге "келістік" деді...
Бұл - жеңге мен қайнының емес, ШӘМШІ атаның ӨНЕР ордасындағы, МӘДЕНИЕТ үйіндегі МӘДЕНИЕТ қызметкерлерінің ХАЛЫҚ алдында жария түрде жасаған тірліктері... Сонда да бастық бастық боп қала береді. Әртіс әртіс боп қала береді.
Негізі, мойындауымыз керек, талай "иіскегіш" әкім-қаралар "иіскеп" те, "иіскемей" де талай қыздың тағдырын сындырып, өмірін күл-талқан етіп жүргені - қазақ қоғамының ащы шындығы.
Қызымыз бастапқы позициясынан неге қайтты екен деп ойланып отырмын.
Не де болса, "иіскегіштер", "иіскемей" тыныш жүріңдер. Бір күні болмаса бір күні "иіскегендеріңе" өкініп, бар абыройдан жұрдай боласыңдар.
Мен де бір "иіскегіштің" быт-шытын шығарсам ба екен, сөйтіп гештальтты жапсам ба екен деп ойлап жүрмін. Менде дәлелдер де, кәугерлер де жетіп артылады», - деп жазды ол.