Синоптиктер қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

/
Синоптиктер қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

— 2025 жылғы 25 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары