Әлі пайдалануға берілмеген ЛРТ вагондарына біреулер сурет салып кеткен

/
Әлі пайдалануға берілмеген ЛРТ вагондарына біреулер сурет салып кеткен

Астана қаласындағы жеңіл рельсті транзит (ЛРТ) жүйесінің әлі іске қосылмаған вагондары вандализмнің құрбаны болды. Белгісіз біреулер пайдалануға берілмеген вагондардың сыртына бояумен суреттер салып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында кінәлілер анықталып, жауапқа тартылмақ.

Астана ЛРТ жобасы елордадағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамаларды бірі болатын. Мұндай әрекеттер мемлекеттік мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, жобаның іске асырылуына да кедергі жасайды.

Қосымша ақпарат тергеу нәтижесі бойынша жарияланады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары